30.09.2023, 15:11
Оқылды: 57

Бәйтерек ауданы: Қайнарда балалар арасында байқау өтті

Атамекен округіне қарасты Қайнар ауылында "Жас батыр – 2023" аудандық балалар өнер байқауы ұйымдастырылды.

FB_IMG_1696065367659

Алғаш болып Бәйтерек аудандық мәдениет, тілдер және дене шынықтыру мен спорт бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр сөз алып, өнерпаздарға сәттілік тіледі. Байқауда 11-13 жасар өрендер бақ сынады.

FB_IMG_1696061319495

Қатысушылар "Мен қазақтың ұлымын" кезеңінде өзін және отбасын таныстырса, сұрақ-жауап бөлімінде салт-дәстүр, спорт тарихына қатысты сұрақтарға жылдап жауап беріп жарысты.

FB_IMG_1696065360922

Ал "Жігітке жеті өнер де аз" айдарында өнерлерін ортаға салып, "Ұлттық ойын" кезеңінде ләңгі тебу, асық ату, төс көтеру арқылы ептіліктерін көрсетті. Өнерде де спортта да озық болған өрендерге жүлдеден бөлек арнайы аталымдар бойынша марапат ұсынылды. Сонымен байқау қорытындысында бас жүлдені белестік Айдын Жұмағали, І орынды переметныйлық Дәулет Ерешов, ІІ орынды трекиндік Мансұр Имашев, ІІІ орынды атамекендік Бекарыс Аманғали иеленді.

FB_IMG_1696061326886

Ал "Жас өнерпаз" аталымы Саржар Боранбаев, "Көрермен көзайымы" Думан Аралбаев, "Жас дарын" Айбатыр Бекболат, "Сегіз қырлы, бір сырлы" Диас Тулеуғалиев, "Ең жігерлі" аталымы Бауыржан Жақсығалиға бұйырып, Дулатәли Серіков "Ең алғыр" жігіт атанды.

FB_IMG_1696061342255

Нұрсәуле Жәнібекқызы,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале