25.02.2024, 16:33
Оқылды: 9

Бәйтерек ауданы: жаңа мектепте семинар өтті

Өткен жылдың соңында жаңа ғимаратқа көшкен Жалын негізгі орта мектебінде «Жаңаша оқытудағы тиімді әдістер, табысты тәжірибелер» тақырыбында аудандық семинар өтті.

IMG-20240225-WA0011

Заман талабына сай білім мазмұнының жаңаруын, ондағы оқытудың әртүрлі құралдарының әдіс-тәсілінің тиімділігін арттыруды мақсат тұтқан іс-шараға Бәйтерек аудандық білім беру бөлімінің өкілдері мен шағын мектептердің оқу ісінің меңгерушілері қатысты. Іс-шараны мектеп директоры Анар Ақболатова ашып, келген қонақтарға жылы лебізін білдірді.

Семинар барысында мектеп тренері А.Мұхтарова «Іс әрекетті зерттеу» жоспарымен таныстырса, тәрбие бағыты бойынша директордың орынбасары А.Қадырова мен тәлімгер А.Әубәкірова «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы», «Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы» ұлттық бұрышымен таныстырып, ондағы «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі» және «Жеңгелер мектебінің» жұмысын баяндады.

Тәжірибелік кездесуде мұғалімдер екі секцияға бөлініп, 3 ашық сабақтан өткізіп, шеберліктерін көрсетті. Алғашқы секцияның бірінші сабағын қазақ әдебиетінен Н.Әліпқалиева 7-сынып оқушыларымен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасымен  бастады. «Қызықты есептер», «Зат есімнің жіктелуі» тақырыптары бойынша өткен қалған сабақтарда  мұғалімдер М.Бердекенова, Т.Қазбенова жаңартылған білім мазмұны бойынша тапсырмалар құрап, оны орындау барысында сыныптың белсенділігін бағалап, топтық, жұптық және жеке жұмыс түрлерімен қатар цифрлық платформаларды да естен шығармай жаңашыл ойларды қолдана білді.

IMG-20240225-WA0012

Екінші секция жұмысының алғашқы ашық сабағын Л.Батырова 1-сынып оқушылары арасында «Тиімді ойын тәсілдері арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында сұрақ-жауап дайындап, оқушылардың білім деңгейінің жоғары екенін байқады. Сонымен қатар биология пәнінің мұғалімі А.Құрбанбаева «Жануар ағзаларының қозғалу мүшелері» тақырыбында 7-сыныпқа ашық сабақ үстінде аудиомәтін, бейнежазбалар, слайдтардың көмегімен сабақ мақсатын пысықтаса, Г.Жаңабаева 5-сыныпқа орыс тілі пәнінен «Струны Великой степи»ашық сабағында Top IQ платформасын қолданды. Сонымен қатар мектепалды даярлық тобының жетекшісі Ж.Ерғалиева мен «Балдәурен» шағын орталығының тәрбиешісі  А.Шамғалиева «Ертегілер елінде қонақта» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Мектеп мұғалімдерінің шығармашылық ізденістері мен сабақтағы тақырыптары келген қонақтар тарапынан жоғары бағаланды.

Арайлым Жаңабаева,

Жалын негізгі орта мектебі директорының

 орынбасары

Бәйтерек ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале