26.08.2019, 18:31
Оқылды: 383

Бәйтерек ауданында 200 тонна шөп жанып кетті

Кеше, 25 тамыз күні Бәйтерек ауданы Достық ауылдық округі Чувашка ауылынан 1 шақырым жерде өрт оқиғасы тіркелді.

ort

Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, түнгі сағат 23.16-да орын алған өрт Достық ауылдық округінде «При Чагане» мен «Барс и К» ЖШС аумақтарында болды.

Өрттің салдарынан 200 тонна (800 орама) шөп жалынға оранған. Бүгін,  26 тамыз күні сағат 08.51-де өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына жеке құрамнан 6 адам, 2 техника, аудандық полиция бөлімінен 2 қызметкер, 1 техника жұмылдырылған.

Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале