5.11.2023, 18:24
Оқылды: 31

«Бәйтерек» тынымбағы ашылды

Аудан орталығы Переметныйда «Туған жер» жобасы аясында «Бәйтерек» атты тынымбақ ашылды. Оған ауылдың көркеюіне үлес қосып жүрген белсенді ауыл тұрғындарының демеушілік танытты.

IMG_20231105_112833_014

Іс-шарада алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов осынау игі іске атсалысқан елжанды азаматтарға алғысын білдірді.

IMG_20231105_112801_308

- Орталық көше бойында орналасқан тынымдық аудан орталығының ажарын аша түскендей. Бұл тек бастамасы, алда әлі осындай жақсы әрі үлгі боларлық істер көп болады деп сенеміз. Себебі, ауданымызда игі істердің басы-қасында жүрген азаматтар аз емес. Жалпы туған жеріміздің, туған өлкеміздің көркеюіне, жарқын болашағына бәріміз жауапты екенімізді ұмытпауымыз керек,- деген Мұрат Дүйсенұлы тынымбақтың ашылуына атсалысқандарды марапаттады.

IMG_20231105_112814_092

Олардың ішінде Михаил Гиляровский, Нариман Нахов, Владмир Местной, Руслан Есеркенов, Қайрат Мергенев, Тимур Ихсанов, Аман Тастенов, Есенжан Ниеталиев бар.

IMG_20231105_112746_894

Өз кезегінде сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәлік Өтешев аға буын өкілдері жастардың игі ісін қашанда қолдайтынын айтты. "Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып" біріккендер тауды да, тасты да қопаратынының бір дәлелі мінекей, «Бәйтерек» тынымбағының ашылуы. Осынау ізгі іске ұйытқы болған азаматтар көпшілікке, соның ішінде жас жас ұрпаққа үлгі боларлық іс қылды. Соған орай аудан орталығы тұрғындарының атынан ризашылығымызды білдірді.

IMG_20231105_112733_693

Іс-шара әсем әнмен жалғасын тапты.

Нұрсәуле Жәнібекқызы, 

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале