7.04.2021, 10:43
Оқылды: 72

Бәйтеректе балалар әдебиеті апталығы өтті

Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа да ғылым кереметтерін кітапханадан табамыз. Ал кітапхана оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір.

 IMG-20210407-WA0003

Таяуда кішкентай оқырмандардың сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейтіп, тіл байлығын, логикалық қабілетін дамыту, кітаппен достасу, кітапқа деген құштарлығын оятып, кітап оқуға тарту мақсатында балалар әдебиеті апталығы өтті.

Бұл шараға Егіндібұлақ ауылдық кітапханасы да қатысты. Олар ауыл балалары арасында «Білім кілті – кітапта»  атты онлайн көркем сөз оқу челленджін оздырды. Шараға кітапхананың кішкентай оқырмандары белсене  қатысты. Челленджге қатысқан барлық оқырмандарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

 

Данагүл Алхамова,

Егіндібұлақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале