8.12.2020, 14:51
Оқылды: 63

Бәйтеректе дін төңірегінде әңгіме өрбіді

Аудан жастарына түрлі бағытта кеңес беру мақсатында өткен «Live Dialogue» жобасының кезекті тікелей эфирі «Ислам дінінің кемелдігі» тақырыбына арналды.

бәй

Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы  Әсет Исламбекұлы мен «Ақиқат» ҚБ-нің маманы Тоқтар Пендебаев жастармен тікелей эфирде кездесіп, дін төңірегінде әңгіме өрбітті.

Эфир барысында «Ислам дінінің кемелділігін қазіргі кезде қай қырынан көре аламыз?» немесе «Пайғамбарымыз тастап кеткен сүннет жолын артқа қарай тартып жатырмыз ба?» деген сынды сұрақтарға жауап берілді.

Тоқтар Ғалымұлының айтуынша, қазіргі таңда ислам діні кең қанат жаюда екен. Соның басым көптігі жастардың дінге бет бұруының өзі – ислам дінінің кемелденуі.

- Бір ұлтты жоқ қылу үшін, сол ұлттың тілін, дінін, тарихын жою керек деген пікір бар. Сол себептен де қазір жастарымызға тарихымызды, дінімізді адал бағытта көбірек насихаттау керек, - дейді Әсет Исламбекұлы.

Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале