29.10.2024, 11:00
Оқылды: 156

Бәйтеректе грант иегерлері қайырымдылыққа атсалысты

Қазақстанда қазан айы ресми түрде қайырымдылық айы болып жарияланды. Бұл қоғамдағы әл-ауқатты нығайтуға және әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетуге бағытталған маңызды бастама.

қайырымдылық (2)

Осы ауқымды шара аясында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін дөңгелетіп жүрген аудан тұрғындары қайырымдылық жасап, жерлестеріне қолдау көрсетті.

Соның бірі 2022 жылы мемлекеттен 1 224 800 теңге көлемінде грант ұтып алған көпбалалы отбасы санатындағы – Ернар Кенжебеков. Ол қолдау қаржыға Дариян ауылынан тіс стоматологиясын ашты.

Қайырымдылық айы аясында кәсіпкер 2 жерлесіне 30 мың теңге мөлшерінде стоматологиялық қызмет көрсеткен.

Екінші асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалған – Әлия Исқазиева. Ол 2023 жылы 1 380 000 теңге грант алып, Дариян ауылынан киім ательесін ашқан. Қайырымдылық айында 2 тұрғынға киім-кешек пен терезе перделерін тегін тігіп берді.

Ал биыл 1 476 800 теңге грант иеленген көпбалалы отбасы санатындағы щаповтық Гүлдана Фазылова ауылда киім ательесін ашты. Қайырымдылық айлығы шеңберінде ол «Әжелер» ансамбліне қазақы нақыштағы шоппер сумкалар табыстады.

қайырымдылық (1)

Ақтоты Жолдаубаева – өткен жылы мемлекеттен көпбалалы отбасы санаты бойынша 1 380 000 теңге грант алып, қаражатына Переметный ауылынан киім ательесін ашқан. Қазан айында ол ауылдасына киім-кешектерін тегін тігіп берген. 

Көпбалалы отбасы санаты бойынша Салтанат Алатаева да 1 476 800 теңге грантқа қол жеткізіп, Переметныйдан сұлулық салон ашты. Алғыр жерлесіміз қайырымдылық айында 2 ауыл тұрғынына тегін қол күтімі қызметін көрсеткен.

Сондай-ақ аталған бағыт бойынша мемлекеттен грант алған (1 380 000 тг) Жүзбай Қуанышқали Мичурин ауылында москит торларын қондырады. Қайырымдылық айлығы кезінде ол 1 жерлесіне москит торларын тегін қондырып берді.

Биыл 1 476 800 теңге сомасында грант иегері атанған Қайрат Нұртазин Чувашин ауылында пластик терезе орнатумен айналысады. Айлық аясында ол Чувашин ауылының тұрғынына тегін пластик терезе орнатты. 1 476 800 теңге грант жеңіп алған байқоныстық Рита Қанатова мен Жұлдыз Бақыт ауылдан киім ательелерін ашқан.

Қайырымдылық айлығында олар Байқоныс және Мичурин ауылының 4 тұрғынына киім-кешектерін тегін тігіп беріп, алғысын алды.

Салтанат Зұлқарнаева

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале