14.06.2021, 10:13
Оқылды: 49

Бәйтеректе іріктеу жарыстары басталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған Бәйтерек ауданының VІІІ халық спорты ойындарының іріктеу турнирлері басталды.

 IMG-20210611-WA0063

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне берілер жолдаманы алғаш болып футболшылар сарапқа салуда. Аудан орталығы Переметныйда өткен аяқдопшылардың бәсекесі қызыққа толы болды. Тартысты ойындардың қорытындысына переметныйлық футболшылар жолдаманы қанжығасына басты.

IMG-20210611-WA0055

Енді қалған округтер арасындағы ойындар бастау алады. Футболдан бөлек, волейбол, стритбол және басқа да командалық спорт түрлері бойынша жарыстар өтпек.

- Салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастарды спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылған іріктеу бәсекелері бірнеше округте өтеді. Ал үздік шыққан төрт ұжым финалдық кезеңде өзара мықтыны анықтайды, - дейді «Бәйтерек» спорт клубының директоры Максим Үмбетқалиев.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале