15.09.2020, 15:16
Оқылды: 98

Бәйтеректе праймериз үміткерлері арасында пікірсайыс басталды

15 қыркүйек күні Бәйтерек аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының праймериз үміткерлері арасында жария пікірсайыс өтті.

debat praimeriz (5)

Алғашқы пікірсайысқа 6 үміткер қатысуы қажет еді. Алайда бір үміткер белгісіз себептермен қатыса алмады. Шараға аудан басшысы Марат Тоқжанов арнайы қатысып, алда атқарылар істердің ауқымды екенін айта келіп, кандидаттарға сәттілік тіледі.

debat praimeriz (4)

Пікірсайыс екі раундтан тұрды. Алғашқы кезеңде үміткерлер өз-өздерін таныстырып, алға қойған мақсат-міндері жөнінде мағлұмат берсе, келесі кезеңде үміткерлер әріптестері қойған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар көрермендердің де көкейкесті сұрақтарына да жауап берді.

debat praimeriz (6)

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиевтың айтуынша, бүгін басталған шара 23 қыркүйек күні аяқталмақ. Пікірсайыс 7 топ арасында кезең-кезеңімен араға күн салып, әр күнде екі мезгіл ұйымдастырылмақ. Бұған дейін ауданда праймеризге қатысуға 38 үміткер тіркелгенін жазған болатынбыз.

debat praimeriz (1)

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале