29.12.2020, 9:25
Оқылды: 31

Бәйтеректе сала үздіктері марапатталды

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының қозғаушы күші. Жыл санап, ел үкіметі диқан мен малшының жағдайын жасап, нәпақасын даладан тапқан азаматтарға деген қолдауын аямайды. Бір топ бәйтеректік кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы саласының үздіктері түрлі медальдар мен алғыс хаттарға ие болды.

48f16a7b-26bf-4504-8223-5f5a4aca9eed

Сала үздіктеріне марапатты Қазақстан фермерлер қауымдастығының БҚО өңірлік филиалының төрағасы Серік Жарылғапов табыс етті.

Төраға қолынан С.Ихсанов «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін, А.Журавлев «Ауыл шаруашылығы саласының құрметті ардагері» төсбелгісін алса, РҚБ ҚФҚ Құрмет грамотасымен А.Галимов, А.Гурсаев, Г.Наурызбаев, Т.Кан, Т.Залмұқанов және А.Аманғалиев сынды кәсіпкерлер мен шаруашылық жетекшілері марапатталды. Салтанаатты жағдайда өткен шара барысында Б.Шканов пен С.Шонайбеков ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасын иеленді.

163fa5f8-dbaa-4416-af97-99aa09d4b1b2

- Бәйтерек ауданы тек өңірімізді ғана емес, барша елімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтып отыр. Жыл сайын аудан шаруалары егістік жерлерін кеңейтіп қана қоймай, мал шаруашылығын да мықтап дамыта бастады. Аудан шаруаларының істері оңға баса берсін! - деді Қазақстан фермерлер қауымдастығының БҚО өңірлік филиалының төрағасы Серік Жарылғапов.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале