10.08.2020, 14:34
Оқылды: 96

Бәйтеректе шөп шабу науқаны қарқынды

Халқымыз «Қыстың қамын жаз ойла» дейді. Бүгінде облысымызда шөп шабу қарқыны үдеп келеді. Шалғынға шалғы салу Бәйтерек ауданында да ойдағыдай жүзеге асуда.

B9606BC6-6407-4369-83F1-AC8ABCFB2CCA

Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі мамамандары берген мәлімет бойынша, өткен мал қыстағынан қалған 450 тонна шөп қалған. Ал биыл ауданға 111,9 мың тонна шөп дайындау қажет. Үстіміздегі жылы шөп шығымдылығының болжамды көлемі 5,5 ц/га болғанда жиналар шөп 113 мың тоннаны құрайды деп күтілуде. Осы апта басында түскен мәлімет бойынша, шаруалар 80 мың тонна шөп жиған. Алдағы уақытта ауа райы қолайлы болса, судан шөбін екінші мәрте шабу көзделуде.

Ауданда 185 мың гектар алқапты шабу жоспарлануда. Оның ішінде көпжылдық шөп – 30956 га., судан шөбі – 6105 га., дала шөбі – 1002398 га. және құйма шалғындар – 47700 га.

Ауданда 300 келі рулон шөптің бағасы 6000 теңге болса, бір тіркеме щөп 15000 теңге.

 Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале