12.12.2021, 16:30
Оқылды: 100

Бәйтеректе «Тәуелсіздік – ел бақыты» тақырыбында кітап көрмесі өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Дариян және Озерный ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Елімнің бақыты – Тәуелсіздікке 30 жыл» атты айшықты шара өтті.

smart

Тақырыптың өзі айтып тұрғандай, кітапханашылар Динара Ғизатова мен Мария Еременко шара барысында Тәуелсіздік жылдары ішінде жеткен жетістіктер жайында әңгіме өрбітті. Сонымен қатар оқырманға «Менің   Қазақстаным» атты бейнебаян ұсынылды.

Одан бөлек айшықты шараға келген Дарьинск және Абай мектеп гимназия-интернатының  оқушылары өлеңнен шашу шашса, мәдениет үйінің әншісі Інжу Мұхтар халықтық әдемі ән ұсынып шараның шырайын келтірді.

Жиын соңында сөз алған Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов әдеби-сазды кеш қатысушыларына жылы лебізін айтып, кітапхана ұжымына табыс тіледі. Шара соңында кеш қонақтарын кітапхана меңгерушісі Шолпан Сұлтанғалиева «Тәуелсіздік – ел бақыты» тақырыбында жасақталған кітап көрмесімен таныстырды.

Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале