18.06.2020, 9:49
Оқылды: 172

Бәйтеректе ұлттық спорт түрлерінен облыс чемпионаты өтті

Жуырда Бәйтерек ауданы Асан ауылындағы Атшабарда көкпар, жамбы ату, теңге ілу және аударыспақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен облыс чемпионаты өтті. Үш күнге созылған бәсекелер көрерменсіз өткенімен қызыққа толы болды.

Ulttyk sport (2)

Қорытындысында теңге ілу сынында оралдық Бекнұр Серіков үздік деп танылса, жамбы атқан мергендер бәсекесінде тағы бір оралдық Мағжан Жеңісов жеңімпаз атанды. Ал аударыспақшылар бес салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыларды анықтады. Білекті жігіттер бәсекесінің нәтижесінде 60 келі тартатын палуандар арасында жәнібектік Бейбіт Аронов,70 келіде бөрлілік Арсен Мұқашев, 80 келі тартатын аударыспақшылар сынында тағы бір Бөрлі ауданының палуаны Райымбек Сабырғалиев, 90 келіде бөкейлік Болат Абылай жеңімпаз атанса, аса ауыр салмақ дәрежесінде Сырым ауданының намысын қорғаған Төлеби Қайыржанов жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Ulttyk sport (3)

Чемпионаттың ең қызық сыны көкпар болса, оның қорытындысында үшінші орын Ақжайық, екінші орын Жәнібек аудандарының жігіттеріне бұйырса, облыс чемпионы атағын Орал қаласының көкпаршылары қанжығасына басты.

Ulttyk sport (4)

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале