5.10.2020, 15:05
Оқылды: 90

Бәйтеректе Ұстаздар күніне орай спорттық сайыс өтті

Бәйтерек ауданы Рубежин ауылында Ұстаздар күніне орай футболдан ауылішілік жарыс ұйымдастырылды.  Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және өзара достық қарым-қатынасын нығайту мақсатында өткен доп додасына бірнеше команда қатысты.

Baiterek (1)

– Спорт  –  денсаулық кепілі.  Жастарымыз әрдайым  спортты насихаттап келеді. Әсіресе футболшыларымыз көптеген жарыстарға шығып, ауыл, аудан атын танытуда. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Бағы мен бабы келіскен команда жеңіске жетсін, – деді бәсекенің ашылу салтанатында округ әкімі Асылбек Кенжин.

Baiterek (3)

Қызыққа толы болған жарыс қорытындысында үшінші орын ауылдағы кәсіптік-техникалық колледж командасына, екінші орын ауыл жастарының командасына бұйырса, жарыс жеңімпазы атағы Рубежин мектебінің ұстаздарынан құрылған команда қанжығасында кетті.

Сондай-ақ өзін жақсы қырынан танытып, командасын жеңіске жетелеген Денис Козлов , Мирлан Мұхамбетжанов және Таймас Қарашев сынды ойыншылар түрлі аталымдар бойынша берілген бағалы сыйлықтарға ие болды.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале