10.12.2021, 22:32
Оқылды: 80

Бәйтеректе жасөспірімдер арасында самбо күресінен аудан чемпионаты өтті

Бәйтерек ауданында жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануына негізделіп, бұқаралық спортты дамыту, салaуатты өмір салтын ұстануды насихаттау бағытында аудан орталығындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде самбо күресінен аудан чемпионаты өтті.

F4C01E41-4066-406D-AEBE-91E43D8DEDA9

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жарысқа ауданға қарасты мектептерден келген 2008-2012 жж аралығында туған жас спортшылар қатысты.

Бәсі биік бәсекеде боз кілемге шыққан жас самбошылардың ептілігі мен шапшаңдығы қатар сынға түсті.

9B844155-4B9C-49AC-956C-0EDA4C42DD14

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш жарыс аудандағы талантты спортшыларды  анықтап, жас өрендердің өзара тәжірибе алмасып, жаңа орта қалыптастыруына жол ашады екен.

Жарыс қорытындысында, 2011-2012 жылғылар арасында 26 келі салмақта Ислам Мұхамбетқали, 29 келі салмақта Әділжан Жұма, 32 келіде  Әлижан Бекежан және 35 келі тартатын спортшылар сынында Али Едіге үздік шықса, 35 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Мадияр Жұбанов жеңімпаз атанды.

12B5C638-CA89-4FFC-9AAD-2219E4F3D790

2008-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында жауырыны жерге тимеген Думан Төлебай, Аманат Ескендір, Руслан Қайржанов, Бақыт Оқдасынов және Бекет Султанов сынды самбошылар өз салмақтарында топ жарды.

Белдесу барысында ерекше көзге түскен Ерәли Көшекбаев «Жеңіске деген жігері үшін», Тимур Жұманиязов «Ең жас спортшы», Арон Құрақбай «Ең үздік әдіс» аталымдарына лайықты деп танылды.

370D878A-0347-4E7A-8001-21995943CA11

261555A8-1622-434A-8D0A-A154205464D1
484EAD18-96E0-4BF3-997E-AF717C8CF493
Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале