1.11.2021, 9:32
Оқылды: 59

Бәйтеректік команда екінші орынды еншіледі

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қазан айының соңғы жексенбісі аталып өтіледі. Мерейлі мереке қарсаңында БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен әлеуметтік сала қызметкерлері күніне орай футзал мен волейболдан сала қызметкерлері арасында облыстық спартакиада ұйымдастырды. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты насихаттауға және өңірдегі әлеуметтік қорғау жүйесі мамандарының арасындағы бірлік пен әріптестік қарым-қатынасты нығайтуды мақсат еткен бәсекеге 25 команда қатысты. 

IMG-20211030-WA0025

Доп додасынан Бәйтерек ауданының әлеуметтік қорғау жүйесінде қызмет атқаратын командасы шет қалмады. Әсіресе аудан командасы волейбол сынында тәп-тәуір ойын өрнегін көрсетті. Бірнеше күнге созылған жарыста бәйтеректік ойыншылар финалға дейін жеткенімен соңғы ойында жолдары болмай, екінші орынға жайғасты.
Ал жарыста белсенділігімен көзге түскен Переметный ауылындағы "Бәйтерек" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Альберт Талпақов «Үздік тосқауылдаушы» аталымын иеленді.
-Сала қызметкерлері күн-түн демей дамылсыз еңбек етеді. Осындай жарыстар әріптестер арасындағы достықты нығайтып, серпіліп қалуға мүмкіндік береді. Барша әлеуметтік қызмет көрсету саласы қызметкерлерін мерекемен құттықтаймын және жарыс ұйымдастырушыларына алғыс айтамын, – дейді Альберт Талпахов.

Назерке Сыйлыбаева,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале