15.06.2022, 14:29
Оқылды: 49

Бәйтеректіктер биыл майлы дақылдарға жіті мән берді

Бәйтерек ауданы аумағының көлемі 742 мың гектарды құраса, оның 513,4 мыңы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жерлер. Егер оны да бөлетін болсақ, 257,4 мың га – егістік, 137,3 мың га – жайылым, 16,4 мың га – шабындық. Тыңайған жерлер 102 мың, көп жылдық екпелер алқабы 372 гекарды құрайды.

WhatsApp Image 2022-06-15 at 14.10.35

Бұл туралы аталмыш аудан әкімінің орынбасары Мұрат Бәйменов ӨКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл аудан аумағында егістік алқабы 239700 гектарды құрады. Бәйтеректік диқандар осы жылы майлы дақылдарға жіті мән беріп, оны 85,8 мың гектарға еккен. Ал жаздық дақылдар алқабы 77,5 мың, күздік 36,8 мың гектар болды. Мал азығы 37,4 мың гектарды шамасына жетті.

WhatsApp Image 2022-06-15 at 14.10.16

Облыс көлемінде аталмыш аудан картоп пен көкөніс-бақша дақылдарының ірі өндірушілерінің бірі болып табылады. Биыл картоптың егіс алқабы  1608, көкөніс - 1577, бақша  -   295 гектарды құрады.

WhatsApp Image 2022-06-15 at 14.09.51

- Ауданымызда көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арналған 1913 бірлік трактор болса, оның 450-і шынжыр табанды. Сондай-ақ 978 астық тұқымын сепкіш, 297 қопсытқыш (культиватор), 10 тұқым улағыш, 7759 тырма, 615 трактор тіркемесі бар. Осы техникалармен қатар көктемгі егісте "Джон Дир", "Кейс", "Нью-Холланд" маркалы 34 егіс кешені қолданылады. Көктемгі дала жұмыстары үшін 5100 тонна арзандатылған  жанар-жағар май бөлінді, - деді Мұрат Болатұлы.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале