5.05.2021, 11:23
Оқылды: 51

Бәйтеректіктер карантин ережелерін сақтауға бейжай қарамайды

Жуырда Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың төрағалығымен өткен штаб отырысында карантин шарларын күшейту туралы айтылған-ды. Аурудың беті қайтпай тұрған кезде сақтық шараларын күшейткен абзал. Осыны ескерген Сұлукөл ауылдық округінің әкімдігі мен учаскелік инспектор Қобылан Зинекешов елді мекендегі азық-түлік дүкендеріне барып, жеке кәсіпкерлерге және тұтынушыларға түсінік жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ сауда орнындағы санитарлық ахуалмен танысып, арнайы үнпарақтар таратты.

 IMG-20210504-WA0007 (1)

Сондай-ақ тексерушілер Сұлукөл негізгі мектебінің мұғалімдері және  оқушылармен кездесіп, індетті жеңудің жалғыз жолы сақтық шараларын қатаң ұстану екенін түсіндірді.

Бұдан бөлек Көшім ауылының әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері де ауыл ішін аралап, дүкендер мен адам көп шоғырланатын орындарға рейд жүргізді.

Жалпы ауданның барлық округтерінде сақтық шараларын сақтау туралы түсінік жұмыстары жүргізілуде.

                            

  Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале