7.05.2021, 16:35
Оқылды: 48

Бәйтеректіктер Отан қорғаушылар күнін ерекше форматта мерекеледі

Отан қорғаушылар күнін Бәйтерек ауданының ер-азаматтары ерекше атап өтті. Аудан әкімі Марат Тоқжанов бастап, оны әкімдік қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қоштап, Переметный ауылындағы алма бағында сенбілік ұйымдастырды. Ерлер мерекесіне арналған сенбілік барысында үш жүздей алма ағашының түбі қопсытылып, суарылды.

3675C723-F6B8-4916-9D7C-2556409354AC

Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған "Менің аулам — менің бағым" жобасына осылайша қолдау білдірген переметныйлық ағайын тек жеміс ағашын отырғызуды ғана емес, қолда бар бақты баптауды қолға алды. Екі жыл бұрын егілген алма бағындағы көшеттер гүл ата бастады. Бірнеше жылдан соң ағайын жаңа алма бағының жемісін де көруі бек мүмкін. Тек уақтылы баптап тұруымыз ғана керек. Бұдан бөлек, белсенділер аудан орталығындағы Мұнайшы шағын ауданына 80 түп ағаш отырғызды.

1B24E639-095E-47FA-B28C-5D3C1059A2A5

6E1F0266-CC21-46FB-98D0-E1524186B9DC

Т. Кенже,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале