6.09.2019, 18:36
Оқылды: 94

Бәйтеректіктер Президент Жолдауын талқылады

Бәйтерек ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауын түсіндіру және іске асыру жөніндегі аудан активі өтті.

 актив 1

Алдымен актив алдында аудан әкімі Асхат Шахаров баяндама жасады.

- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ең алғашқы әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасау мақсатында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында еліміздің тұрақты дамуы, экономикалық өсімі, халықтың денсаулығы мен білімінің сапасы, әлеуметтік қорғау, руханияты мен мәдениетінің дамуы атты бес бағыт қамтылған.

актив 3

Президент қойған негізгі міндеттің бірі – заман талабына сай тиімді мемлекет құру. Яғни азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру болды.

Бұл бағыта біз бәріміз бірге қоғамды жұмылдыру керекпіз. Бүгінгі күні ауданда жергілікті тұрғындарды қабылдау жүйелі жолға қойылып келеді. Аудан әкімдігінде арнайы «Адалдық алаңы» кабинеті ашылды. Тоқсан айын ауылдық округтерде арнайы «Ашық әкімдік» немесе «Тегін Әділет кеңестері» жүзеге асырылды. Нәтижесінде 500-ден астам адам өтініштері мен ұсынысын білдіруге мүмкіндік алды, - деді аудан басшысы баяндамасында.

актив 4

Активте Батурин мектебінің директоры Жасталап Сабыров, Белес ауылдық округінің тұрғыны, І топ мүгедегі Назерке Өтеғалиева, М.Шолохов атындағы өлкетану музейінің бөлім басшысы Антонина Пудова, «Дети - Будущее страны» үкіметтік емес ұйымының төрайымы Трекин ауылдық округінің тұрғыны Гаухар Мырзағалиева, еңбек ардагері Валентина Балбатова сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Жолдауынан туындаған тапсырмалар мен міндеттер жөнінде өзіндік ойларын ортаға салды.

Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

Суреттерді түсірген Сәлім Мәмбетәлиев

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале