31.01.2020, 17:30
Оқылды: 121

Бәйтеректіктер президенттік көпсайыстан олжалы оралды

Орал қаласында қысқы президенттік көпсайыстан облыс чемпионаты өтті.

baiterek (2)

12-ден 70 жасқа дейінгі спортшылардың басын қосқан байрақты бәсекеге аудандар мен Орал қаласынан 9 команда, 100-ден астам спортшы қатысты.

Аталмыш бәсекенің көркін қыздырған Бәйтерек ауданының спортшылары намысты қолдан бермеді. Екі күнге созылған жарыста ерлер кермеге тартылу, мылтық ату және шаңғы тебу сияқты спорт түрлерінен жарысқа түссе, қыз-келіншектер жағы мылтық ату, шаңғы тебу және күштік гимнастикадан сынға түсті.

baiterek 1 (2)

Жарыс қорытындысында екі бірінші, бес екінші және төрт үшінші орын иеленген бәйтеректік спортшылар жалпы командалық есепте үшінші орыннан көрінді.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице в Instagr am и нашем Telegram-канале

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале