5.06.2022, 12:07
Оқылды: 59

Бәйтеректіктердің белсенділігі жоғары

Референдумға байланысты Бәйтерек ауданында құрылған 55 сайлау учаскесінде жұмыс қарқынды жүруде. Сағат 11.00-дегі мәлімет бойынша 39609 сайлаушының 55 пайыздайы келіп, дауыс беру бюллетендерін толтырды.

12

Переметный ауылындағы №157 сайлау учаскесіне аудан әкімі Марат Тоқжанов та келіп өз дауысын берді.

10

- Біз референдумға жоғары дайындықпен келдік. Бәйтеректіктердің Конституциялық реформаны түсінуі жоғары, қолдауы да ерекше. Аудан тұрғындары ҚР Президентіне сеніп, жарқын болашаққа үміт артып отыр. Жаңа Қазақстанды құруға атсалысуға дайын. Ел-жұрттың бүгінгі жоғары белсендіктері осы көрсетіп отыр,- деп атап өтті Марат Лұқпанұлы.

9

Аудандағы сайлау учаскелерінде 313 комиссия мүшесі және бақылаушы ретінде 57 қоғамдық бірлестік өкілдері жұмыс істеуде. Екі БАҚ мәні зор саяси шараның өту барысын жарықтандыруда.

Сайлау учаскелері маңында жергілікті кәсіпкерлердің, шаруа қожалық өкілдерінің қатысуымен жәрмеңкелер ұйымдастырылып, өнерпаздар көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.

15

Айта кетейік, таңғы сағат 7.00-де сайлау учаскелері жұмысын бастағанда бірінші болып келгендерге, өмірінде алғашқы рет дауыс берушілерге, егде жандарға, туған күн иелері сыйлықтар берілді. Үш-төрт ауылдық округтердегі сайлау учаскелерінде аудандық "Ауыл тынысы" газетінің ІІ жартыжылдығына тегін жазылуға мүмкіндік беретін түбіртек табысталды. Мәселен, Дариянда тыл ардагері А.Старцев пен аналар кеңесінің жетекшісі Р.Баққожа осындай сыйға ие болды.

Сәкен Әбілхалықов,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале