5.10.2020, 15:40
Оқылды: 96

Бәйтеректің әкімі аудан меценатын құттықтады

Бүгін Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов белгілі кәсіпкер, меценат Бейбіт Асановты қабылдап, туған күніне орай құттықтаухатын табыс етті.

IMG_8015

Марат Лұқпанұлы Б.Асанов басқаратын кәсіпорын ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлкен үлес қосқанын айтып, оның адами қасиеттеріне ерекше тоқталды. Бейбіт Батниязұлы осы кезге дейін талай мұқтаж жанға қол ұшын беріп,өзі тұратын ауылдың ғана емес, бір ауданның әлеуметтік саласына көп қолдау білдіргенін де аудан басшысы атап өтті.

IMG_8027

48 жылдық еңбек өтілін ауыл шаруашылығына арнаған туған күн иесі осы жылдар ішінде "Красновский" кеңшарын басқарды, кейін ауданның ең мықты ауылшаруашылық кәсіпорындарының бірі "Асан ауыл" ЖШС-ін құрып, әлі еңбек етіп келеді.

Мұндай құрметке разы болған Б.Асанов өзінің мерейтойларында сыйлық алғанды емес, бергенді ұнататынын жеткізді. Осы кезге дейін ол 50 жасында өз жұмысшыларына автомобиль сыйласа, келесі мерейтойда – жергілікті ауруханаға қажетті УАЗ автокөлігін тарту етті.

Биыл да Б.Батниязұлы осы дәстүрден жаңылмай,  Погодаев ауылына жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салып бермек. Бүгінде ол кешен жұмыстары аяқтала келді.

Николай Берендяев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале