2.02.2024, 14:30
Оқылды: 82

Бақытжан Нарымбетов:​ «Сырым ауданындағы мәдениет пен спорт саласындағы жұмысқа көңілім толады»

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы бүгін Сырым ауданында өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары, комиссияның төрағасы Бақытжан Нарымбетов жүргізді.​

df78fa84-df5f-4444-b71f-0570658387c1
Кеңесте Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев дене шынықтыру және жасөспірімдердің спорты арқылы сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру бағытында баяндама жасады.
Сырым ауданында 5 838 бала бар. Оның 3146-сы мектеп жасында. Мектепішілік бақылауда 14 бала тұр. Алайда аудандық полиция бөлімінде тіркеуде тұрған жасөспірім жоқ.​
f4f0e864-b8f9-4bf4-9df7-8bb930d35892
Балалардың сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалану және бойындағы өнерді дамыту, денсаулықтарын нығайту, өзара салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Сырым ауданда 82 спорттық және мәдени үйірме жұмыс жасайды. Артур Шерғалиевтің аудан әкімінің орынбасары ретінде негізгі назарға алған мәселесі - балалардың білім мекемелерінен тыс тәрбиесі. Осы бағытта Шерғалиев мырза ауданда «DamuBala» жобасы аясында үйірмелердің тегін жұмысын ұйымдастыруға қол жеткізді.
47bf69d3-f61a-49b4-a460-03d531e90137
Бұл туралы баяндамасында да тоқталды:​
- 2023 жылы Жымпитыда ​ жеке кәсіпкердің ​ ұйымдастыруымен «DamuBala» жобасы аясында дарынды балаларға арналған «ОРТА» шығармашылық және спорттық үйірмелер орталығы ошылды. Аталған орталықта 220 өрен өнер үйреніп, сурет, шахмат, шешендік сөз, домбыра, шахмат, үстел теннисі үйірмелеріне қатысуда. - деді. ​
Сырым ауданы мәдениет және спорт нысандарын жөндеу, салуға да ширақ. Кейінгі жылдары ауылдағы мәдениет және спорт инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында 2022 жылы Бұлдыртыда денешынықтыру және спорт кешені салынды. 2023 жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Алғабас мәдениет үйіне күрделі жөндеу жасалды. «Өңірлерді дамыту» жобасы да жемісін беруде. 2023 жылы Құспанкөл, Өлеңті елді мекендерінде спорт алаңы салынды. Былтыр Тоғанаста мәдени - демалыс орталығының құрылысы басталды. Балуандар елі Жымпитыда жуық күндері жаңа күрес залы ашылмақ.​
- Әрине, әр нысан балаларды тәрбиелеу, шыңдау үшін қызмет етуі тиіс. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру қай уақытта да өзектілігін сақтайды. Сырым ауданындағы спорт және мәдениет бағытындағы жұмысқа көңілім толады. Ауданда нысандарды жеке кәсіпкер есебінен салып, сатып алу тәжірибесі оң нәтиже беруде. Бұл өте тиімді. Тәжірибені облыс көлемінде таратуға ұсынамын, - деді Бақытжан Хаберұлы.​
Осы мәселе жөнінде БҚО денешынықтыру және спорт басқармасының басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов қосымша баяндама жасады.
Бақытжан Нарымбетов басқармаға спорттық секциялар мен үйірмелердің радиусын кеңейту, қаланы түгел қамту үшін талдау жасау жөнінде тапсырма берді. Мәселен, балаларға арналған орталықтар, залдар шаһардың алтынша шағын ауданында көп шоғырланған. Ал тоғызыншы аудан аумағында сирек.​
Жалпы облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы «DamuBala» бағдарламасы аясында тегін үйірме, секцияларды жүргізу мақсатында 70 кәсіпкермен жұмыс жасауда.​
- Үйірме болса, балалар қатынасса ​ болды деп самарқау отыра беруге болмайды. Үйірмелердің сипаты қандай!? Теріс дүниелерге үйретпей ме? Жетекшісі кім?! Ұлттық дәстүрімізге сай емес өнерлерге баулымай ма? Міне, осы сауалдар төңірегінде де зерделеу жұмысын істеуге тиіспіз, - деп сөзге араласты комиссия төрағасы.​
Күн тәртібінде бұдан бөлек «Тәлімгерлік» бағдарламасының ресурстарын «тәуекел тобындағы» ​ отбасылардан шыққан балалар, «қиын» жасөспірімдермен жұмыста пайдалану, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар, құқықбұзушылық саласының қазіргі жағдайы және алдын алу шаралары жайы қаралды.​
Бауыржан Ширмединұлы,​
Фотоға түсірген: Айжан Амангелдина
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале