1.06.2022, 17:40
Оқылды: 58

Бала – әлемнің сәні, өмірдің мәні

Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен орталық алаңда Балалар жылы аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала - әлемнің сәні, өмірдің мәні» атты мерекелік шара өтті.

IMG_3461

Шарада аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев сөз сөйлеп, барша бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады. Сахна шымылдығы республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты, әнші Райымбек Кәрімов пен қызы Медина Асылбектің орындауында «Әке мен қыз» әнімен ашылды. Аудандық «Балдәурен» балабақшасының «Айгөлек» ортаңғы тобы «Гүлдер» биін және  «Гүлдер», «Қарлығаш» ересектер тобының бүлдіршіндері «Кәмпиттер» биін тарту етсе, Самал Кәримолла «Ерке қыз» әнін тамылжыта орындады. Ал Жәнібек балабақшасының сәбилері «Көкпар» биін билеп, «Көңілді оркестр» әнімен өнер көрсетті. «Алтын ұя» бөбекжайының бөбектері «Заманауи» әнімен көрерменнің қошеметіне бөленді.

IMG_3439

Мерекелік шарада «Единорог», «Микки маус» анниматорлары алаңда тұрған сәбилерге флешмоб ұйымдастырды. Сондай-ақ аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығындағы «Бард» әндер үйірмесінің «Альтаир» ансамблі «Бала тілегі» әнін шырқады. Аудандық аурухананың жас дәрігерлерінің қатысуымен «Витаминка» қойылымы тамашаланды. Сонымен қатар шарада асық ату, арқын тартыс, масреслинг ойындарынан жарыс өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және шағын сыйлықтар табыс етілді.

IMG_3541

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина мен аудандық мәдениет үйінің балалар-жасөспірімдермен жұмыс бөлімінің басшысы Гүлжан Ниязалиева мерекемен құттықтады. Шараға белсене қатысып, өз өнерлерін көрсеткені үшін «Балдәурен», «Жәнібек», «Алтын ұя» бөбекжайларына шағын сыйлықтар табысталды.

IMG_3455

Лаура Серік,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале