27.12.2021, 19:16
Оқылды: 69

Балалар қуанышқа бөленген күн

Бүгін Қаратөбе ауданы әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Үшағаш, Соналы ауылдарында болды.

IMG-20211227-WA0112

Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы Соналы ауылындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы, көпбалалы отбасында тәрбиеленген оқу екпіндісі Айша Орынғалиға Қазақстан Республикасы Призиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан, тағы да екі бірдей оқушы Үшағаш ауылындағы  мектептің 6-сынып оқушысы, бірнеше байқаулардың жеңімпазы, көпбалалы отбасында тәрбиеленген үздік оқушы Қаныбек Ғалымжан мен Соналы орта мектебінің 4-сынып оқушысы, мектеп белсендісі Асылзат Болатқалиеваға өзі атынан бағалы сыйлықтар табыс етіп, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

IMG-20211227-WA0109

Мектептердің оқушыларына сыйлықтар табыстау шарасына қатысқан аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиевтің айтуына қарағандаҚаратөбе ауданы мектептері бойынша Президент сыйлығын 9 бала, аудан әкімінің сыйлығын 19 бала қабылдапты.

IMG-20211227-WA0111
Аталмыш мерекелік шараға Қаратөбе ауылдық округінің әкімі, мектеп директорлары қатысып, сыйлыққа ие болған оқушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

IMG-20211227-WA0110
Ел ағаларының сыйлығына риза болып, қуанышқа бөленген балалардың ата-аналары Мемлекет басшысына, аудан әкіміне алғыстарын айтты.

                                                Ерболат Райсов,
                                           Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале