26.12.2022, 19:46
Оқылды: 34

Балаларды шаттандырған шырша той

Бүгін аудандық мәдениет үйінде  «Қош келдің, Жаңа жыл —жаңа белес, жаңа арман!» атты Сырым ауданы әкімінің  жаңа жылдық шыршасы өтті.

96E296CF-7B91-4FCA-A21A-E9D4A4365060

Шыршатойға  ауылдық округтерден    аз қамтылған және көп балалы отбасылардың 55 баласы қатысты.    Аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев шараға қатысып, балалармен бірге шырша айналды, сурет байқауына қатысқан балғындардың суреттерін тамашалады.  Артур Мұратұлы балаларды келе жатқан жаңа жылмен  құттықтап, аудан әкімінің атынан балаларға коньки мен тәтті сыйлықтар табыстады.

22B35A22-DDCF-4AE6-BC61-69DE605AF880

Әкім шыршасында  балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының оқушылары мен педагогтары жаңа би қойылымдарын қойып, жаңадан әрленген әндер орындады. Ертегіден қойылым қойып, Хронус пен Сағатшы қараңғылық ханшайымымен айқасқан көрініс бейнеленді. Қараңғылық ханшайымының Жаңа жылдық кешті бұзамын деген арам ойын  қатысушы балалардың көмегімен Хронус пен Сағатшы жеңіп шығады. Хронус  балаларға  логикалық ойындар ойнатып, кештің көрігін қыздыра түсті. Жаңа жылдың кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар, балаларға сыйлықтарын таратты. Көжектерін ертіп қоян да келді.

8A6F51B7-06DC-4AF9-A5F6-57EA2CBCBC50

Аудан әкімінің шыршасына қатысушы  балаларға  алдын-ала ұйымдастырылған   «Қыстың қызық бейнесі» сурет салу  және  «Өз қолымнан тігілген жаңа жылдық киім»  аталымдары бойынша   байқау жеңімпаздары анықталды.

810CF240-66F2-4C3C-9E00-74A295E518C0

Жаңа жылдық ерекше киімімен көзге түскен М.Қаналиев атындағы орта мектеп оқушысы Наурызбек Мәлік  өзі қолымен жасаған қоян киімі үшін 1 орынды жеңіп алды.  Екінші орын әуе шары костюмының иесі, бүландық Санжар Жолдыбаевқа берілді. Үшінші орынды тоты құс костюмын киген Сырым орта мектебінің оқушысы Інжу Сүндет иеленді.

Сурет байқауында Қызылағаш негізгі мектебінен  келген Айзере  Бақтыгереева 1 орын, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептен қатысқан  Нұрсәт Нұрмұхан  2 орын, Сырым лицейінің шәкірті Карина  Ғабделсамат   3 орындарға ие болды. Шыршатойдан соң балалар Ж.Досмұхамедов орта мектебінде арнайы  дайындалған тәтті үстелден дәм татты.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале