28.06.2021, 17:06
Оқылды: 88

Балаларға арналған бассейн ашылды

Жәнібек ауданындағы «Балдәурен» жазғы демалыс лагері жанынан құрылған қаңқалы модульдік бассейн ашылғалы балалардың қуанышында шек жоқ. Демалыстарын қызықты әрі пайдалы өткізуде.

E6E7BE79-08B6-418C-AE5D-E9B5C049FBC0

-Жаз мезгілінде күннің ыстығынан мезі болған балалар өз беттерімен рұқсат етілмеген жерлерге суға түсіп жатады. Соның салдарынан түрлі оқыс оқиғаларда тіркелуде. Сондай жағдайлардың алдын алу үшін оқушыларды жүзу, су ішінде өзін-өзі қорғау, батып бара жатқан жағдай да бір-біріне көмектесуге үйретудеміз, - дейді лагерь басшысы Мейірбек Ибраиымов.

Бассейнге күн сайын 30 бүлдіршін түседі. Олардың он бесі қыз, он бесі ұл балалар. Жалпы жаз бойына 240 оқушыға жүзу үйретіп, модульді бассейнге түсіру жоспарланған.

Бақытжан Маратұлы

 Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале