31.10.2022, 11:30
Оқылды: 38

Балғын балуандар белдесті

Жуырда Балалар жылы аясында Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округінде 2014-2015 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында қазақша күрестен Қаратөбе ауданының чемпионаты өтті.
WhatsApp Image 2022-10-31 at 10.57.19

Чемпионаттың ашылу салтанатында сөз алған округ әкімі Бағдат Зайнуллин және округтегі ардагерлер кеңсесінің төрағасы Жеңісқали Шәкірұлы, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дулат Қоламанов жарысқа қатысушы балғын спортшыларға сәттілік тіледі.

Чемпионатқа ауылдық округтерден сегіз команда қатысып, 50-ге жуық спортшы бақ сынап, жарыс көрігін қыздырды.

Қаратөбе аудандық балалар-жаспірімдер спорт мектебінің ұйымдастырумен өткен шараға «Мұхит жастары» ЖҚБ-гі қолдау білдірді.

WhatsApp Image 2022-10-31 at 10.57.09

Жоғары деңгейде өткен күрес қорытындысында 20 келі салмақта егіндікөлдік Даниял Сағидолла, 23 келіде саралжындық Әмірхан Жауынбай, 26 келіде Бекарыс Таймас (Б.Аманшин ЖОББМ), 29 келіде саралжындық Кенесары Марат, спорт мектебінің тәрбиеленушілері  32 келіде Арман Бейбіт, +32 келіде Жантөре Ильс үздік атанды.

Жеңіс тұғырынан көрінген жас спортшылар ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале