21.08.2022, 11:42
Оқылды: 75

Балғын боксшылар турнирі

Тамыздың 17-18-і күндері аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бокстан 2009-2010, 2011-2012, 2013-2014 жылы туған жасөспірім спортшылар арасында «2022 жыл – Балалар жылына» орай және Серік Днишевті еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті.

_БОКС ФОТО (2)

Турнирге Ақжайық, Теректі, Сырым, Қаратөбе аудандарының, «Деркул» спорт клубы және Орал қаласынан «Жекпе-жек» спорт мектебінің балғын боксшылары қатысты.

Аталмыш турнирді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев алғы сөзбен ашып, турнирді ашық деп жариялады.
Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген Серік Днишевтің ұлы, Қаратөбе балалар, жасөспірімдер спорт мектебінің «бокс» үйірмесінің жаттықтырушысы Думан Серікұлы жарысқа қатысушы жас спортшыларға сәттілік тілеп, келген қонақтар мен аудан басшылығына ризашылығын білдірді. Аталмыш еске алу турнирін ұйымдастырушы Думан Днишев салтанатты шарада келген қонақтардың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Турнирдың бас төрешісі Ербол Мырзахметов, сап түзеген жас спортшыларды жарыс ережесімен таныстырды.

Жарыс 28 келі салмақ дәрежесіндегі қаратөбелік Ілияс Мағзомов пен ақжайықтық Жанарыс Батырқайырдың жекпе-жегімен бастау алды.
Бұл, Қаратөбеде жасөспірімдер арасында бокстан өткен алғаш турнир болғасын ба? Жанкүйері мен көрермені көп, тартымды жарыс болды.

Бокс фото1

28-38 салмақ дәрежесінде жас ерекшеліктері бойынша өткен жарыста шеберлігі мен әдіс айласын асырған ақжайықтық Жанарыс Батырқайыр, Саян Ғұбайдуллин, Асылжан Қасен, Орал қаласындағы «Жекпе-жек» спорт мектебінен Айбар Жеңіс, «Деркул» спорт клубынан Қайырбек Орынбасар, Диас Шахуев, қаратөбелік Айдын, Азамат Маратовтар, Байтерек ауданының спортшысы Нұрәділ Есетов, Артур Маратовтар турнир жеңімпаздары атанды.

38 келі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар қатарынан көрінген ақжайықтық спортшы Саян Ғұбайдуллин «Үздік боксшы» аталымына ие болды.

Жеңімпаздар мен жарыс жүлдегерлерін марапаттау рәсімін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Тулепов пен «Қаратөбе» спорт клубының директоры Екпін Тналиев, турнирді үйымдастырушы Думан Днишев және турнир қонақтары жүргізді.

Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале