23.06.2020, 16:40
Оқылды: 65

Балық аулап жарысты

Жуырда Деркөл өзені жағасында балықшылар арасында сайыс өтті.

FE4E5513-3E5A-43A1-A1AD-A58436C4343E

Шараға Амангелді, Оян, Ақтау, Тасқала ауылдық округтерінен балықшылар қатысты. Сайыстың ережесі бойынша белгіленген уақыттың ішінде мүмкіндігінше көп балық аулаған қатысушы жеңімпаз атанады.

Тартысты өткен сайыстың қорытындысында І орынды Ақтау ауылы командасы иеленсе, амангелділіктер - ІІ, тасқалалықтар ІІІ орынға табан тіреді.

Арнайы аталымдар бойынша «Балықты ең бірінші аулағаны үшін» номинациясымен тасқалалық Аймұхамбет Айдынғали марапатталса, «Ең үлкен балық аулағаны үшін» номинациясына амангелділік Бауыржан Гиметдинов ие болды.

Қызықты өткен шара қорытындысында барша қатысушыларға «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің атынан арнайы алғысхат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

Қамбар Рахметов,

«Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале