9.02.2017, 18:04
Оқылды: 67

Балық аулаудан жарыс өтті

Kaztalov balik aulaudan jaris Қазталов ауданы Қараөзен ауылдық округінде Қараөзен бастауыш партиясы және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Үлкен өзен үстінде балық аулаудан жарыс оздырылды.


  «Басты мақсат балық аулау емес, керісінше олардың өсіп-өнуіне жанашырлық жасау және табиғаттағы тепе-теңдік заңының сақталуына жағдай туғызуды насихаттау», — дейді жарысты ұйымдастырушылар. Балық аулауды біз көбіне-көп әуестікке балап жатамыз. Дей тұрғанмен, бұл да спорттың бір түрі. Ерекше ыждаһаттылық пен төзімділікті қажет етеді. Жарысқа үш адамнан біріккен бес команда қатысты. Бұл жарыстың бір ерекшелігі біріккен бес команда мүшелері бір отбасыдан құралған.

  -Негізгі мақсатымыз ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізу. Сонымен қатар қыс мезгілінде мұздың қалың болу себебінен ойықтар ойып, су астындағы балықтарға ауа жіберу,-дейді Қараөзен бастауыш партия ұйымының төрағасы Артур Қасымов.

  Нәтижесінде І орынды Мағзомовтар жанұясы алса, ІІ-ІІІ орындарды Габдуллиндер мен Молдашевтар жанұялары өзара бөлісті. Ал жекелеген номинациялар бойынша А.Махамбетов «Ең жас балықшы», А.Кенжеғалиев «Ең ардагер балықшы», Т.Габдуллин «Ең үлкен балық ұстаған», С.Мағзомов «Ең үздік» балықшы атауларына ие болды. Осы балық аулау жарысына қатысқан командалар дипломдар мен естелік сыйлықтартабысталды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

 Қараөзен ауылы

  www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале