7.03.2023, 23:38
Оқылды: 38

Барқыт көктемнің шуақты мерекесі

Теректі аудандық әкімдігінде аудан әкімі Тілек Габдушев  нәзік жандылармен жүздесті. 

IMG-20230307-WA0091

Әр округтен жиналған қыз-келіншектерді мерекемен құттықтаған аудан басшысы:

-Сіздерді жан-дүниені шуағына бөленіп, тыныс-тіршілігімізге нәр беретін көктемнің шұғылалы мерекесі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ халқының отбасылық институтында әйелдің, ананың рөлі ерекше.

IMG-20230307-WA0087

Қазіргі таңда ауданымызда түрлі салада қажырлы еңбек етіп, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің шыңына көтерілген, мемлекетіміздің саяси-экономикалық және әлеуметтік дамуы мен өркендеуіне, билік пен бизнесте жүрген әйел қауымы аз емес.

Теректі ауданында 19 783 әйел адам тұратын болса, солардың 10 762-і экономикалық белсенді тұрғындарға жататынын айта кету керек. Оның ішінде 10274-і бүгінгі таңда жұмыспен қамтылып отыр.

IMG-20230307-WA0089

Аудан кәсіпкерлерінің 654-і әйелдер болса, олардың 576-ы жеке кәсіпкер,  68-і шаруа қожалығының басшылары, 5-і ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жетекшілері.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 74 кәсіпкер әйел ауыл-аймаққа қолдау білдіріп,  демеушілікпен айналысады.

Сонымен қатар, «Алтын алқа» - 208 адам, «Күміс алқа» - 272 адам, көпбалалы аналар саны 747 адам.

IMG-20230307-WA0079

Көктемнің шуақты күндерімен тұспа-тұс келетін ізгі мереке күні баршаңызға бақ-береке, зор табыс, қажымас қайрат тілеймін,  — деді өз сөзінде.

Еркін диалог түрінде өткен отырыста сөз алған белсенді аналар ұсыныстары мен ақжарма тілектерін жолдады. Аудандық іскер әйел ұйымының төрайымы Анар Қайрекенова  кәсіп бастау жайын айта кетті.

-Ең алғаш мемлекеттік грант есебінен бройлер балапандарын алдым. Соны өсіріп, саттым. Пайда бар екенін түсініп, өзім өсіре бастадым және грант есебінен жылыжай салып жатырмын. Еңбек етем деген жандарға мүмкіндік көп. Тек қол қусырып отырмай, әрекет ету керек, — деді.

IMG-20230307-WA0084

Ақ тілектер айтылған мерекелік көңілді жиын соңында аудан басшысы Тілек Александрұлы барша әйелдер қауымына гүл шоғы мен естелік сыйлығын табыстады.

Жауһар Нұрым,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале