12.06.2021, 9:58
Оқылды: 73

Бас имам Қаратөбе жұртшылығымен кездесті

ҚМДБ-ның БҚО бойынша Бас имамы Бақытжан Сабралиев Қаратөбе ауданына арнайы іс-сапармен барды.

20210612_095509

Облыс имамы Бақытжан Құралбайұлы мен аталмыш мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев аудан әкімі Жанат Асантаевтың жеке қабылдауында болып, ауданның діни ахуалы жөнінде ой-пікірлерімен бөлісті.

Аудан әкімі Жанат Асылханұлы келелі кездесуде ауданда діни тұрақтылықты насихаттауда атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, дін мамандарының атқарып жатырған жұмыстарына оң бағасын берді.

20210612_095523

Облыстан келген бас имам өз ұсыныстарын айта келе мешіт жанынан салынып жатырған асхана құрылысына жәрдемдесу, ауылдық елді мекендерде одан әрі насихат жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы жағдай туғызу, руханиятқа қатысты бірқатар мәселелерге қолдау білдіруге шақырды.

Одан кейін Бақытжан Сабралиев аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесіп, діннің қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, жаназа тәртібі, садақадағы ас мәзірі, зираттарды салу мәселесін айтып, аудан тұрғындарының тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

1623345107224

Бесін намазы уақытында бас имам Қаратөбе аудандық мұсылмандар мешітінде намазға жиналған жамағатпен кездесіп, ынтымақ, бірлік, ауызбіршілік жайында уағыз-насихат айтып, жиылған жамағатпен пікірлесті.

1623345107214

1623345107219

ҚМДБ-ның БҚО бойынша мешітінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале