25.11.2019, 18:32
Оқылды: 164

Баскетболдан аудан біріншілігі өтті

Жаңақала мектеп-гимназиясында аудандық "Jastar" спорт клубының және "Жастар үні" ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен "Еңбек кубогі-2019" баскетболдан ерлер командалары арасында аудан біріншілігі өтті.

janaqala sport (2)

Жастардың денсаулығын нығайту, еңбек ұжымдарындағы қызметкерлердің спортқа қызығушылғын арттыру мақсатында өткен шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Нұрғалиқызы сөз алып, жарысқа қатысушы барша командаларға сәттілік тіледі. Бұл сайысқа ауылдық округ жастары, мекеме, бөлім қызметкерлері қатысты.

 Тартысты өткен ойын қорытындысында №3 қазақ мектебінің ерлер командасы III орыннан көрінсе, аудандық аурухана құрамасы II орынды иеленді. Ал жарыстың бас жүлдесін Қызылоба ауылдық округінің намысын қорғаған ерлер командасы жеңіп алды. Әрі қызылобалық Жансерік Қайратұлы «Үздік ойыншы», №3 қазақ мектебі командасының шабуылшысы Темірлан Хайрушев «Үздік шабуылшы» аталымымен марапатталды.

Шыңғыс Ромашев

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале