22.11.2021, 16:20
Оқылды: 195

Баскетболдан жарыс өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданына қарасты Зеленый ауылдық округінде баскетболдан жастар арасында аудандық турнир өтті. Спорттық бәсекеде аудан округтерінің командалары бақ сынады.

IMG-20211122-WA0065

Жарыстың ашылу салтанатында Зеленый ауылдық округінің әкімі Ізғали Дәулетов сөз сөйлеп, қазіргідей қиын уақытта салауатты өмір салтын насихаттап, спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды екенін айтты. Сондай-ақ Зеленов мектебінің директоры Мерхат Каримгалиұлы, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Ғұбашева, аудандық мәслихат депутаты Ұлданай Сейітқалиева сөз алып, спорттық бәсекелерде бой көрсетіп жүрген спортшы баскетболшыларға сәттілік тілеп, игі тілегін жолдады.

IMG-20211122-WA0061
Спорттық бәсекеде ойыншылар бар шеберліктерін салып, тартысты ойын көрсетті.
Қызу да тартысты өткен жарыс қорытындысында І орынды Белес, ІІ орынды Перемётный ауылдық округінің командасы иеленсе, ІІІ орынды Зеленов ауылдық округінің жігіттері қагжығалады. Жеңімпаз бен жүлдегерлер диплом, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Альбина Бәтенова, 
Байтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале