1.09.2021, 17:09
Оқылды: 0

Бастаманың игілігін көрмекпіз

Біз бүгін ұжым болып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдадық.

жжж

Мемлекет басшысының Жолдауынан әр салаға, әрбір жағдайға байланысты бағыт-бағдарын тыңдадық. Әсіресе, кітапханашы, мұрағатшы, көлік жүргізушілерінің жалақысы өсіру қажеттілігі туралы айтылғаны көңілге қонымды.

Жолдау жолдарындағы: “2020 жылдан бастап 620 мыңнан астам педагогтар мен мұғалімдердің, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бірақ бюджеттен қаржыланатын өзге де сала қызметкерлері бұдан тысқары қалды. Бұлар: мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалар. Сондықтан 2022-2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады. 600 мыңға жуық қызметкер осы бастаманың игілігін көреді”, - деген Президент сөзінен кейін біздің қызметкерлеріміз өз жұмыстарын одан әрі абыроймен атқарып, еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік дамуы жолында өз үлестерін қосып, еселі еңбек етпек. Еліміз тыныш, ісіміз берекелі болсын!

 

Гүлсім Қуанаева,

Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған

кітапхана жүйесінің директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале