29.03.2023, 12:30
Оқылды: 44

Басты назарда болу сенім береді

Бүгін Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеп, нақты мақсаттар қойды.  Мемлекеттің тірегі – жастар деп санайтын Президентіміз бұл тұста да бірқатар тапсырма жүктеді. 

IMG-20230329-WA0026

— Еліміздің жастары әрдайым менің айрықша назарымда екені баршаға мәлім. Мен билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек деп үнемі айтамын. Олар қоғамға жаңа құндылықтар әкелуге тиіс,  — деді Мемлекет басшысы.

Бұл — еліміздің жалынды жастарына деген ұдайы қолдау  деп түсінемін.

Теректі ауданында 11 473 жас бар. Бүгінде аудан көлемінде жастар саясатын жүзеге асыру барысында айтарлықтай ауқымды шаралар жүзеге асуда. Алдағы уақытта да жастар бастамасын қолдауға арналған жүйелі жұмыстар жаңа қарқын алады.

Мемлекет басшысы басты назарға алып, жауапкершілік жүктеп, сенім білдіруі жастардың жақсы нәтиже көрсетуге деген мақсатын жоғарлатады деп сенемін.

 

Нұрсұлтан Кәдірғалиев,

Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале