27.04.2022, 12:45
Оқылды: 101

Басылымға жазылудың маңызы зор

Бүгін Казталов ауданы әкімдігінің үлкен залында аудан әкімі Рүстем Зұлқашевтың төрағалығымен, «Жайық Пресс» ЖШС медиахолдингінің бас директоры Табылғали Сапаровтың қатысуымен баспасөзге жазылу науқанына қатысты жиын өтті. Жиынға «Жайық Пресс» ақпараттық агенттігінің басшысы Нұрбек Оразаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім, мекеме басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

13

Ауданымызға жұмыс сапарымен келген Табылғали Сатқалиұлы жиында ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер, қоғамдық сана, ХХІ ғасырдағы баспасөздің маңызы тақырыптарында өзінің пікірін білдірді. Өз сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын БАҚ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі туралы атап өтті. Сонымен қатар аудан жұртшылығын мерзімді басылымдарға жазылып, ұлттық руханиятты қалыптастыруға шақырды. Жиында қоғамдық резонанс тудырып жүрген мәселелер де талқыланды.

12

Айта кетейік, мерзімді басылымдарға ІІ жартыжылдыққа жазылу науқаны жүргізілуде.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале