3.03.2023, 17:15
Оқылды: 22

Батагөйлер бәсекеге түсті

Ұлттық құндылықтар дәріптелетін наурызда "Бөкей ордасы ардагері" қоғамдық бірлестігі, "Шапағат нұры" деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы" қоғамдық бірлестігі мен аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен ерекше шара өтті.

266ffc94-81ef-4731-b025-a878385e88ce

Ауыл ақсақалдары бата беруден сынға түсті. Шараға қатысушылардың үлкені 85 жастағы сайқындық Қитеш Бисенғалиев болса, ең жасы етуге иек артқан ханордалық Мэлс Үшенов. Ал Ұялы мен Саралжыннан кемел жасқа жетсе де, келелі сөз айтатын бір ақсақал да қатыспады.

Байқауға қатысушылар тек түрлі тақырыпта бата беріп қана қоймай, салт- дәстүр туралы білімдерін таразыға салды.

Ауыл ақсақалдары сынға түскен шара халық әндерімен айшықталды.
Байқау қорытындысы бойынша мұратсайлық Бауыржан Меңдешов пен бөрлілік Серік Құлбаев ынталандыру сыйлығына ие болса, бисендік Ерболат Құбиев ІІІ орынға лайық танылды. Хан ордалық Мэлс Үшенов ІІ орын иеленсе, сайқындық сыйлы қариямыз Қитеш Бисенғалиев І орынға лайық танылды.

Ұлпан Жакина,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

2a0f0937-a574-4e10-b746-69fdaaac8952 3b87c37d-657f-4c19-b43e-2c51bd67bd56 7f386481-76b1-4a1e-afc8-c668fa8a6300 856f965b-7d0f-4fa7-b71e-23643f2f9e9f 884ff9bd-f160-4f2e-91ea-7bebe12f88fe af93f88d-5b76-4e1b-9536-63b97984e559 b3cd4c92-2c4e-44e1-952d-78bf3f4d08e5

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале