21.10.2021, 11:11
Оқылды: 25

«Батыс Азимут» жарысынан жүлделі оралды

Облыс орталығында жаяу спорттық ересектер арасында БҚО чемпионаты және оқушылар арасында дәстүрлі «Батыс Азимут - 2021» жарысы өтті. БҚО спорт және дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Облыстық спорттық бағдарлау федерациясы», БҚО білім басқармасы мен облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен оздырылған додаға облыстың 12 ауданынан келген мектеп оқушылары және ЖОО мен колледж студенттері қатысты.

IMG-20211019-WA0070

250-ден астам спортшы қатысқан жарыста бәйтеректік бағдарлаушылар үздік нәтижелерімен көзге түсті.

Атап айтар болсақ «СПРИНТ» қашықтығында сынға түскен спортшылар арасында Наил Стабаев, Снежанна Буштер, Данат Мусалимов, Алина Лемешева, Ерасыл Серікұлы сынды бағдарлаушылар бірінші орын иеленсе, Зарина Габдушева, Ернұр Серікқали, Яна Красникова, Дамира Ерсаинова, Естай Кенгесбаев екінші, Богдан Козловский, Нұржігіт Гиссатдин, Аділхан Жарылғас,Эльвина Онгарова сынды спортшылар үшінші нәтиже көрсетті. Одан бөлек, «ТАҢДАУ» қашықтығында жарыс жолына шыққан Наил Стабаев, Майя Үмбеталиева, Данат Мусалимов, Алина Лемешева, Ерхан Есбол, Ерасыл Серікұлы, Эльвина Онгарова үздік нәтиже көрсетсе, Злата Шманова мен Нұржігіт Гиссатдин екінші орынға жайғасып, үздік іштікке Богдан Козловский, Снежанна Буштер, Сергей Козловский, Илья Козловский сынды спортшылар енді. Спортшылар эстафетада да өзара мықтыны анықтады қорытындысында Богдан Козловский, Әділхан Жарылғас, Нұржігіт Гиссатдин үшінші орын, Наил Стабаев, Снежанна Буштер, Дамира Ерсаинова, Естай Кенгесбаев екінші, Зарина Габдушева, Ернұр Серікқали, Майя Үмбеталиева, Илья Козловский жарыс жеңімпазы атанды.

IMG-20211019-WA0069

Командаға Жас туристер станциясының педагогтары Алтынбек  Кенжешев, Серегей Щербань, Сырым Бекешов, Ербол Усагалиев, Мейірбек Жумагалиев, Елжан Сабитов секілді өз ісінің шеберлері жетекшілік етті.

Жалпыкомандалық есепке келер болсақ, оқушылар арасында өткен «Батыс Азимут - 2021» жарысында, сонымен бірге ересектер арасында болған БҚО чемпионатында аудан командасы екінші орынды қанжығалады.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале