7.12.2023, 15:15
Оқылды: 11

Батысқазақстандық спортшы халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Түркияның Зоңғылдақ қаласында  жуырда дзюдодан жастар мен ересектер арасында халықаралық турнир өтті.

InShot_20231207_150348324

Байрақты бәсекеге Қазақстанның атынан үміт арқалап аттанған дзюдошылар арасында шыңғырлаулық Алдияр Сайн да бар еді.

100 келіге дейін салмақ дәрежесінде белдесуге түскен Алдиярдың қарсыластары да сен тұр мен атайын деген, сайдың тасындай іріктелген, тәжірибесі мен бабы келіскен балуандар еді. Десе де әзірлігі мен бапкерлерінің сенімін арқалаған Алдияр үлкен бәсекеде айласы мен амалын асыра білді. Алдияр финалға өткенде қасында жүрген командаластары мен бапкерлеріне қоса елде отырған әке-шешесімен бірге танитын бүкіл батысқазақстандықтардың тілеулес болғаны анық.

Оның финалдық кездесуінің өзі бір ерекше тебіренткен сәт болды. Қарсыласы да мықты екен. Алдияр аяқтан шалып құлатқан сайын домалап, жауырынын жерге тигізбей-ақ, алаң шетіне шығып кетіп жеңілмеуге бар күшін салып жатты. Бірақ Алдияр да өзінің осал еместігін дәлелдеп бақты. Бірі жығып, бірі жығылып жатқанда Алдиярдың жамбасқа салып, қарсыласын жауырынымен боз кілемге қадаған сәті қас-қағымда өте шықты. Жеңіс! Осылайша жап-жас жігіт халықаралық турнирдің чемпионы атанды.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале