4.12.2023, 12:15
Оқылды: 22

Батысқазақстандық «Жұлдыз» би ансамблі халықаралық байқауда бас жүлде жеңіп алды

Байқауға барса жүлдесіз қайтпайтын Теректі ауданының «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі бізді биыл маусым айында қомақты жеңісімен қуантқан болатын.

image-04-12-23-10-23

Ақтау қаласында өткен «JAS TOLQYN» балаларға арналған байқауда бас жүлдеге ие болған би ұжымы желтоқсан айында Мәскеу қаласында өтетін халықаралық байқауға жолдама алды.

Өнер додасының бас демеушісі, ұйымдастырушысы «Каспий Құбыр Консорциум» ЖШС «Жұлдыздың» Мәскеуге бару-келуін, күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз етті. Мәскеуге жол жүрер алдында өнер тобының жетекшісі Жанар Тайшыбаева қыздарға ұлттық нақыштағы сәнді сахналық киім тіккізіп берген Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжановаға алғысын айтты. Жанашыр халық сәттілік тілеп, жақсы хабар күттік.

Атына заты сай «Жұлдыз» сенімді ақтады.

Мәскеуден «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі «КТК –Талантливым детям-2023» балалар және жасөспірімдердің халықаралық байқауында бас жүлде иеленді деген ақжолтай хабар жетті.

 

Тамара Жұмат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале