27.10.2022, 17:02
Оқылды: 37

Белді спортшылар жүлделі орындардан көрінді

Жуырда Орал қаласында Республика күніне орай ұлттық ат спорты көкпар және аударыспақтан ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.

WhatsApp Image 2022-10-27 at 16.39.30

Жарысқа облыстың барлық ауданның спортшылары қатысып, бақ сынасты. Жәнібек ауданының көкпаршылары мен белді спортшылары өнерлерін көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

WhatsApp Image 2022-10-27 at 16.39.27

Дәлірек айтсақ, аударыспақтан 57 келі салмақ дәрежесінде Оралхан Ғаббасов І орын алса, Нұркен Тұяқов ІІ орыннан көрінді. 62 келі салмақта Бейбіт Аронов - I, Жалын Бисембаев III орынды иеленді. 68 келі салмақ дәрежесінде Ерболсын Мақашев үшінші орынға тұрақтады. Сонымен қатар, 74 келі салмақта Асыланбек Төлегенов - ІІ, Асуан Құсайынов ІІІ орынға ие болды. 82 келі салмақ дәрежесінде Бекарыс Бейбітұлына II орын бұйырса, 91 келі салмақта Дулат Рахатов I орынды қанжығасына байлады.

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале