15.02.2024, 15:30
Оқылды: 15

Белесте ауған ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Кеңес әскерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Белес ауылындағы үш интернационалист-жауынгердің үйіне арнайы тақтайша орнатылды.

FB_IMG_1707935086370
Оған
Бәйтерек және Тасқала  аудандары біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкері, сержант С.Мусақұлов, Белес мектебінің директоры А.Майемер және басқа да ауыл тұрғындары қатысты.

Интенационалист-жауынгерлерді айтулы күнмен құттықтаған ауылдық округ әкімі Бақытгүл Жүнісова он жылға созылған қанды қырғында есіл ерлердің ерлігі, қаза тапқан жауынгерлер ел жадынан өшпейтінін атап өтті.

FB_IMG_1707935111602

Содан соң ауылдық клубта «Оқ пен оттың ортасынан оралғандар» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды

Салтанат Зұлқарнаева

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале