23.08.2022, 20:10
Оқылды: 135

«Берекелі жамағат» акцияға атсалысты

Жаңа оқу жылында оқушылар жақсы көңіл күймен, жаңа қарқынмен мектепке келулері үшін жыл сайын «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады.

IMG-20220823-WA0124

Аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде және әлеуметтік себептермен мектептен қалып қоятын балаларға көмек көрсету акцияның басты мақсаты. Бөрлі ауданындағы "Берекелі жамағат" қоры аталмыш акция аясында бүгін 50 балаға көмек көрсетті. Жақсылыққа жаны құмар аудан тұрғындарының қолдауымен өткен акцияда балалар мектеп сөмкесімен, оқу құралдармен қамтылды.
Жалпы «Берекелі жамағат» еріктілер қоры 2018 жылдан бастап, Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің жанынан құрылып, қайырымдылық іс шаралармен айналысып келеді.

Аудан және ауылдық округтердегі жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы, жетімдер үйі, қарттар үйіне және жалпы қайырымдылыққа мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.

Қор құрылғалы бірнеше игі іс атқарды. Қордың ауқымды шараларының бірі ҚМДБ-ның «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға 3 бөлмелі пәтер алуға жәрдемдесті.

Дәстүрге сай республика бойынша өтетін «Мектепке жол» акциясында жыл сайын жүздеген балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар және киім-кешектермен қамтамасыз етіп келеді.

Айта кетейік, қайырымдылық шаралар whatsapp желісіндегі «Берекелі жамағат» атты топтың құрамындағы 230 қатысушының белсенділігі арқасында жүзеге асырылуда.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале