16.08.2023, 10:45
Оқылды: 99

Бетон сақинасын жасауды қолға алды

Кәсібін дөңгелетемін деген азаматтарға бүгінде үкімет тарапынан қолдау да жеткілікті. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарлама бойынша грант алып, кәсібін ашқан жерлестеріміз әр ауылдық округте түрлі салада еңбек етіп жатыр.

WhatsApp Image 2023-08-14 at 10.25.17 (2)

Солардың бірі - Екпін Насыров. Ол Казталов ауданының Бостандық ауылының тұрғыны.  Биыл 690 мың теңге көлемінде мемлекеттен грант алып, темір бетон сақинасын құю кәсібін қолға алды.

- Темір бетон сақинасын құю жұмысы жалғыз кісіге оңай емес. Сол себепті қасыма ауылдас азамат Альберт Оразалиевті алдым. Бүгінде ауылдан, көршілес ауылдардан тапсырыс түсіп жатыр. Келесі жылы кәсібімді кеңітіп, өрнектас шығаруды, керамика блок тас өндіруді қолға алмақ ниетім бар, - дейді Екпін.

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале