25.08.2021, 16:54
Оқылды: 58

Білекті жігіттер Азияға танылды

Жуырда Алматы қаласында қол күресінен (армрестлинг) жас жеткiншектер мен жастар, ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтті.

01

Айтулы додаға Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

Жас жеткiншектер арасында Жалғас Берiкқалиев қола жүлдегер, жастар арасында Рахат Көшкенғали 70 келi салмақ дәрежесі бойынша күміс жүлдегер атанды. Чемпионатта 12 елдің спортшылары бақ сынасты.

02

 

Б.Ахметов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале