30.06.2022, 12:00
Оқылды: 46

Біліктілікті арттыру семинары өтті

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер сайлау заңнамалары мен сайлау комиссия мүшелерінің жұмысын ұйымдастыруда өзгерістер мен толықтырулар енгізді. ​

20220629140524_IMG_3402

Осы орайда Казталов ауданында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының біліктіліктерін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының бағдарламасына сай «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізу кезінде сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, облыстық және аудандық сайлау комиссия мүшелері қатысты.

20220629143510_IMG_3421

С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында өткен семинар қорытындысында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Хамидоллаұлы сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау кезіндегі іс-әрекеттерді түсіндіріп, жұмыс барысымен, жұмыс жүргізу тәртібін түсіндірді. Жиында ауданымыздың аумақтық сайлау комиссиясының бірқатар мүшесі облыс әкімі мен облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хатымен марапатталып, семинарға қатысушыларға біліктілікті арттырғандығын растайтын сертификат табысталды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале