22.12.2023, 15:00
Оқылды: 35

Бір жылдағы жұмыс сессияда айтылды

 

Жәнібек ауданы әкімдігінде аудандық мәслихаттың төрағасы Тахир Қадимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясы өтті.

ж акимат (3)

Жиынға аудан әкімі Тимур Шиниязов, орынбасары Мирболат Бисенов, ауыл әкімдері, бөлім басшылары мен депутаттар қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес сессия жұмысы әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, сессия төрағасы Тахир Зинурұлы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң негізінде күн тәртібіне 2023-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет шешіміне өзгерістер енгізу және 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы, 2024 жылға арналған аудандық мәслихат қызметіне байланысты шығындар сметасы, 2023-2027 жылға арналған шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған шараларының орындалу барысы, Ақоба мен Күйгенкөл ауылдарының ағымдағы мерзімде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу жұмысы туралы мәселелерді ұсынды.

ж акимат (2)

Сонымен қатар жиында аудандық мәслихат төрағасы 2023 жылдағы атқарылған жұмыс бойынша есеп берді. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев үнемделген қаржы жайын жеткізіп, ауыз су құбыры, жол құрылысы сияқты маңызды жұмысқа қанша қаражат бөлінгенін айтты.

 - Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі бойынша Еңбекші ауылындағы су құбырының құрылысына бөлінген қаражатынан құрылыстық-монтаждық жұмысы барысында үнемделген 16 519,0 мың теңге қаражат кемітілді. Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша Ұлттық жол активтер сапасы орталығымен көрсетілетін қызметтер мен жұмысынан мемлекеттік сатып алудан үнемделген 345,0 мың теңге қаражат кері жоғары тұрған бюджетке алынды. Ақоба ауылына кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолының 0-23 шақырымын күрделі жөндеу бойынша келісімшарт міндеттемелерін орындамау үшін 336 335,0 мың теңге қаражат Тау, ауылына 0-5 шақырым автожолын күрделі жөндеуге ауыстырылды. Жобаның жалпы құны – 832 910,0 мың теңгені құрайды. Жол құрылыс материалдарын дайындауға қаражат қажет, - деген Руслан Әсетұлы жаңа жылға қанша қаражат бөлінгенін айтып, сөзін түйіндеді.

ж акимат (1)

Әрмен қарай Тахир Зинурұлы есеп беріп, биыл 19 наурызда аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылым депуттары сайланғанын айтты.

Депуттар құрамында кәсіпорын басшылары, білім беру, коммуналдық мекемелердің жетекшілері бар.

Ол аудандық мәслихаттың жұмысына тоқталып:

- Халық қалаулыларының басты міндеті мемлекет басшысының саясатын жергілікті жерде жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының Заңдарына сай халықтың талап-тілегін тыңдап, орындалуына күш салу. Бұл ретте аудандық мәслихат халықпен тығыз байланыста, - деді.

Есептік мерзімде он үш сессия өткізіліп, оның ішінде әр түрлі сұрақ бойынша 84 шешім қабылданған. Жалпы аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде талқыланатын басты мәселелер аудандық депуттатар мен аудан тұрғындары және атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде жасалады. Аудан мен ауыл бюджеттерінің нақты мақсатқа жету жолында бөлінгені осы сессияда қаралып, есептер тыңдалды. Күйгенкөл ауылының әкімі Саят Тарғынов ауылдың экономикалық жағдайын жеткізіп, шағын және орта кәсіпкерлік, білім беру, денсаулықты сақтау, мәдениет және спорт, елді мекендерді абаттандыру жұмысы бойынша есеп берді.

- Өнеге ауылындағы бұрыннан қалып қойған қоқыстар шығарылды. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табуы тиіс. Шілде айында Жасқайрат ауылындағы полигон іші жиналып, айналасын қазу арқылы қоршалып, қақпа орнатылды. Қосымша мал моласы жаңадан қазылып, қоршалды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы Үштамақ бөгетін бөгеу жұмысы жүзеге асты. Көшені жарықтандыру мақсаты үшін Т. Жароков көшесіне 36 бағана жарық шамдарымен орнатылды, - деді Саят Бауыржанұлы.

Қоғамдық кеңесте Жақсыбай ауылының Иманов көшесін жарықтандыру туралы мәселе көтерілген болатын.

Ауыл әкімі Алмат Қаратаев ашынған, ауыл ақсақалдары айта-айта шаршаған түйткіл 2024 жылы да шешілмеуі мүмкін. Аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бауыржанұлының айтуынша, жобалық-сметалық құжат дайын болғанымен, қаржы бөліміне өтінім жіберілмеген. Дегенмен қалауы табылар деген үміт те бар. Жиын соңында аудан әкімі Тимур Серікұлы 2023 жылдағы жұмыстарды талдап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале